«Samsung» компаниясы Астана ЭКСПО-2017 серіктесі атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Samsung» компаниясы Астана ЭКСПО-2017 серіктесі атанды

04.02.2016
«Samsung» компаниясы Астана ЭКСПО-2017 серіктесі атанды

« Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ «Samsung» компаниясымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандум негізінде Samsung Electronics Central Eurasia компаниясына «Көрменің Ресми серіктесі» мәртебесі берілді.

«Samsung» әлемге әйгілі трансұлттық компания. Ол өзінің мықты технологиялары, инновацияларымен белгілі. Сондықтан біз үшін «Samsung» жұмыс істеу мәртебе. Көрмеде барлығы жоғары деңгейде жұмыс істеуі қажет. Бұл ретте, «Samsung» технологиясы уақытпен тексерілген сапалы. Біз көрме барысында әлемдегі ең үздік дүниелердің барлығын көрсете алуымыз қажет. Серіктестеріміздің қатары көбейгеніне қуаныштымыз», - деді Ахметжан Есімов.

«Әлбетте, ЭКСПО-2017 Қазақстан Республикасы үшін маңызды шаралардың бірі. Қазақстан жас, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Әрі өз өңірінің сөзсіз лидері. «Samsung» компанысы өз саласының лидері ретінде осындай ауқымды шараға атсалысатындығына қуанышты. Бірлескен ынта-жігердің арқасында көрменің абыроймен өткізілетіндігіне сенімдімін», - деді Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының Бас директоры Юн Чол Вунг.

Бұдан әрі Samsung Electronics Central Eurasia және Астана ЭКСПО-2017 компаниялары халықаралық мамандандырылған көрмені ілгерілету барысында бірқатар іс-шаралар өткізуге ниетті.

Сонымен қатар, Samsung Electronics Central Eurasia демеушілік көмек ретінде жеңілдікпен тауар және қызметтер көрсететін болады, көрменің алдын ала келісілген кейбір ғимараттарын жабдықтаумен айналысады.

Айта кету керек, көрмені өткізуге 10-нан аса ірі компания тартылып отыр. Олардың қатарында: NCOC, Shell, Эйр Астана, CISCO, Saint-Gobain, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Самрұқ Энерго» АҚ, «Қазпочта» АҚ және т.б. бар. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

Хабарламаларға жазылу