Бұл туралы «ЭКСПО-2017» көрмесіне халықаралық қатысушылардың екінші жиынында Ұлыбритания павильонының бас комиссары Чарльз Хендри мәлімдеді.
Ч.Хендридің айтуынша, британиялық заңнамада жылыжай газдарының қалдығын 80 пайызға дейін төмендету мақсаты қамтылған. Бұл бағыт әлемдегі ең маңызды мәселелелердің бірі. 2025 жылға қарай британиялықтар көмірмен жұмыс істейтін барлық станцияларды жабуды көздеп отыр. Қазіргі таңда Британияда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану 20 пайызды құрайды.