«ЭКСПО-2017» көрмесіне 20 елдің энергетика министрі келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесіне 20 елдің энергетика министрі келеді

16.05.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында энергетиканың тұрақты дамуына қатысты бірнеше маңызды шара өтеді. Жиындарға 50-ден астам мемлекеттің өкілі қатысады. Олардың қатарында әртүрлі елдің Энергетика министрлерлері, белді халықаралық ұйымдардың басшылары бар. Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев арнайы қатысатын жиында қазба байлықтарды пайдалану, баламалы қуат көздерін дамыту және энергияны үнемдеу сияқты мәселелер талқыланбақ. Қорытындысында, «ЭКСПО-2017»-ге аса қажет министрлердің бірлескен мәлімдемесі қабылданады деп күтілуде. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу