Шығыс Қазақстан облысында «ЭКСПО-2017» көрмесіне арнайы алып асық жасалды. Бірегей сыйды «Ырғызбай» тарихи кешенінің директоры Болат Тағабай дайындады. Шебер 16 жыл бойы 100 мың асық жинап, бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Осы жолы сол жинаған асығының жартысын пайдаланған. «Асықты құрап шығуға төрт жарым ай уақыт кетті», дейді автор. Ерекше сыйлық «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтетін Шығыс Қазақстан облысы күндерінде көпшіліктің назарына ұсынылмақ.