Польша Қазақстандағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға сақадай сай. Елдің 20-дан астам компаниясы көрмеде баламалы энергия көздерін дамытуға бағытталған ең үздік жобаларын таныстырады. Дизайнерлері де ұлттық павильондарын безендіруді аяқтап, мәртебелі шараның басталуын асыға күтіп отыр.
«Креативті адамдар, ақылды энергия». Осылай аталатын Польша павильонының жалпы аумағы - 400 шаршы метр. Өзі үш бөліктен тұрады. Алғашқысында елдің орман өсірудегі жетістігі паш етіледі. Өйткені, бұл - көмірқышқыл газының ауаға таралуын тежейтін бірден-бір тәсіл. Сондықтан, Польшаның әрбір тұрғыны бір жылда 13 түп тал егеді екен. Жылдық көрсеткіш - 500 млн. ағаш.
Нұрсұлу ҚАСЫМ