«Жасыл технологияны» жастар арасында дамыту керек. Ақмола облысында осы мақсатты көздейтін оқушылар лагері ашылды. Жас өнертапқыштар өздері ойлап тапқан инновациялық технологияларын қатарластарына таныстырады, жаһандағы соңғы жаңалықты ЭКСПО көрмесіне барып көреді.
Лагер жазда 2,5 мыңға жуық оқушыны қабылдайды. Балалар мұнда демалып қана қоймайды, инновациялық технологияның қыр-сырын да меңгереді. Мәселен, Қазбек Тоқтаров заманауи киіз үй ойлап тапты. Оның жылуы да жарығы да баламалы энергия көзінен алынатын электр тогына қосылған.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ