Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Еуропа қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Нандита Паршадпен кездесуінде белгілі болды. Мемлекеттік хатшы Паршад ханымды аталған форумға шақырды.
Айта кету керек, Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстан Үкіметімен «Әйел бизнесте» атты жобаны жүзеге асыруда. Оның аясында бүгінге дейін 7 мыңнан астам бизнес өкіліне 6 миллиард теңгеге жуық несие берілген.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ