Сауытбек Абдрахманов: EXPO қазірдің өзінде Қазақ еліне үлкен дивиденд берді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауытбек Абдрахманов: EXPO қазірдің өзінде Қазақ еліне үлкен дивиденд берді (ВИДЕО)

10.06.2017

Мемлекет қайраткері, дипломат Төлеутай Сүлейменов мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов бүгін Ұлттық арнаның EXPO-2017 көрмесіне арналған тікелей шығарылымында қонақта болды.

EXPO Қазақ халқына не береді?

«EXPO – әр қазақстандық үшін үлкен жетістік. Себебі, көрмеге жүзден астам  мемлекет келіп, түрлі заманауи технологияларын, энергетикалық табыстарын таныстырып жатыр. Мұның барлығы бізге үлкен дәріс. Осы  жетістіктерді қолдана отырып, экономикамызға салып, халықтың әл-ауқатын көтеру – негізгі мақсатымыз. Сондықтан, 25 жылда жеткен жетістіктеріміз бұдан әрі көбейеді деп ойлаймын»,-дейді Төлеутай Сүлейменов.

Ал, Сауытбек Абдрахманов EXPO көрмесінің қазірдің өзінде Қазақ еліне үлкен дивиденд бергенін айтады.

«EXPO қазірдің өзінде Қазақ еліне үлкен дивиденд берді. Қазірдің өзінде Қазақ елі жаһандық жарыста оза шыққан мемлекет ретінде жоталанып көрінді. 2012 жылы Париждегі бас көрмелер дирекциясында осы құқыққа ие болған кезде - Бельгияның Льеж қаласын айқын басымдықпен жеңіп шыққан сәттің өзінде Қазақстан әлемдік ауқымдағы аса беделді мемлекеттер қатарына қосылды.

Жалпы, EXPO көрмелері әлемде Олимпиада ойындары, футболдан Әлем чемпионаттарынан кейінгі үшінші оқиға болып саналады. Мұны жеңіп алу - қай ел үшін де үлкен мәртебе. Мысалы, 2020 жылы Дубай өткізеді. Былай қарағанда, Дубайға имидждің, жарнаманың, туристердің керегі жоқ, бірақ, сол Дубайдың өзі таласып жүріп, бұл құқықты Астанадан кейін алып отыр. Себебі, кез келген мемлекет көрменің үлкен пайда беретінін біледі»,-дейді ол. 

Сұхбаттың толық нұсқасы 

Хабарламаларға жазылу