Ақмола облысы туристерді қабылдауға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысы туристерді қабылдауға дайын

13.06.2017

Ақмола облысы «ЕXPO-2017» халықаралық көрмесіне келген меймандарды қабылдауға әзір. Әсіресе, Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы нысандардың дайындығы мығым. Биыл алғаш рет Абылайхан алаңында этноауыл бой түзеді.

Ақмола облысында 800-дей туристік нысан жұмыс істеп тұр. Астана маңындағы аудандарға, Бурабайға «ЕXPO-2017» көрмесінің қатысушылары келеді деп күтілуде. Өңірдегі нысандар тәулігіне 12 мың адамды қабылдай алады. 

 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу