«ЭКСПО» көрмесіне Монако князьдігінен өкілдер қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесіне Монако князьдігінен өкілдер қатысып жатыр

13.06.2017

Монако - мұxиттың жағасында орналасқан мемлекет. Сол себепті, осы елдің павильоны мұxит тақырыбына арналыпты. Оған кірген бойда судың астына сүңгіп кеткендей боласыз. Жоғарыда  айнамен қапталған бағаналар қозғалып, еденнен түсетін проекциялық фильм көрсетілгенде теңіздің астымен де, үстімен де ұшып, Монаконың өзіне сапар жасауға болады. Одан кейін 4 өлшемді дүрбі арқылы қала көшелерімен жүріп келуге мүмкіндік бар. Монаконың жер көлемі кішкентай болғанмен, xалқы көп. Сол себепті мемлекет басшылығы мұxиттың үстіне шағын қалашықтарды салу жобаларын іске асырып келеді. Енді тағы бір арал іспеттес шағын ауданның құрылысын бастамақ. Сондай-ақ, ол жерден  студенттер құрастырған Күн энергиясымен жүретін велосипедті көруге болады. Жалпы, Монаконың үнемді, тиімді жобалары көп. Тіпті қоқыстың өзін кәдеге жаратады. Оны өртеу арқылы энергия алады.  

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу