«Таңшолпан». Қазақстан павильонының бесінші қабатына саяхат (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қазақстан павильонының бесінші қабатына саяхат (ВИДЕО)

23.06.2017

Бүгін бағдарлама тілшілері сіздерді «Нұр әлем» павильонының бесінші қабатымен таныстырады. «Жел энергиясы» деп аталатын қабатта көбінесе шетелдік өнертапқыштардың жобалары орналасқан.

Ең алдымен, келушілердің назары Парижден әкелінген қағаз ұшақтарға түседі. Ұшақтар декорацияға әр беру үшін қойылған. Одан әрі колибри құсы тәріздес құрылғыны көресіз. Ол желден қуат алады. «ЭКСПО» көрмесінен кейін жобаны қолға алып, жүзеге асырмақ. 

Әдетте «жел энергиясы» десе қанаттары бар жел диірмені көз алдымызға елестейді. Алайда, оны тік тұрған діңгек қалыбындағы құрылғымен де өндіруге мүмкіндік бар. Сол діңгектің бір үлгісі ұлттық павильонда орналасқан.

Хабарламаларға жазылу