Бұл мәселе демалыс аймағында өткен арнайы жиында сарапталып, тиісті мекемелерге жүктелді.
Тамаша табиғатымен танымал Бурабай аймағы туризмді өркендетуге қолайлы-ақ. Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың сапасы көңіл көншітпейді.
Мәселен, Щучье-Бурабай курортты аймағын дамытуға бағытталған бағдарламаның бірінші кезеңінде жоспарланған 37 шараның тек 7-і ғана толығымен іске асқан. 7-і тіпті бекітілмеген, ал қалған 23-і екінші кезеңге ауыстырылған. Төмен көрсеткішке жобалық-сметалық құжаттардың уақытылы дайын болмауы мен қате жасалуы себеп болған.
Ермек ЕЛБЕРГЕН