Демалыс күндері «ЭКСПО» қалашықта Африканың жауһары Сомалидің ұлттық күні өтті. Қонақтар Сомали Федеративтік Республикасының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін арнайы бағдарламамен танысты. Жалпы, бұл ел өзінің аралдарымен танымал. Астанасы Могадишоға жуық жерде ұлттық қорық орналасқан. Осы жерді сирек өсімдіктер мен аң-құс мекен етеді. Көрмеге бұл елдің шеберлері көптеген кәде сыйлармен ұлттық киімдерін алып келген. Алыстан келген делегация өкілдері ЭКСПО павильондарын аралап оң бағасын берді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ