Келушілерге айқара есік ашқан павильоннан Ніл өзені жағалауының бүкіл құндылығын тамашалауға болады. Келушілерді кіреберістен Перғауын Эхнатонның тас мүсіні қарсы алады. Тарихи деректер бойынша, ол күн көзінің жер бетіндегі ең қуатты энергия екеніне сенген.
Алғаш болып Күнге табынған да өзі. Яғни, павильонға қойылған дүниенің бәрі тарихпен әрі энергия тақырыбымен ұштасып жатыр.
Шынар АСАНҚЫЗЫ