Бүгін «Астана ЭКСПО» алаңында италиялық энергетиктер жаңа жобаларын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Астана ЭКСПО» алаңында италиялық энергетиктер жаңа жобаларын таныстырды

07.07.2017

Италияның Апулия аймағы - Күн мен жел энергиясын алуға өте ыңғайлы өлке. Ол жерде жаңғыртылған энергия көздері 80-ші 90-шы жылдардан бері қарай өндіріледі. Тіпті, сол кезде орнатылған қондырғыларын қазір қайта жаңартуда. Бүгінгі баспасөз жиынына қатысқан италиялық мамандар Апулия аймағы энергияның 30 пайызын осы Күн мен желден алатынын жеткізді.
Бұдан бөлек, қатты қалдықтарды өңдеу арқылы да қуат көзін алатын жобалар дайындаған. Бұл біріншіден, қоршаған ортаны қорғауға көмекттессе, екіншіден, баламалы энергия көзінің жаңа түріне қызығушылықты арттырады.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу