Алматылық 74 жастағы ақсақал халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін көру үшін жаяу жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық 74 жастағы ақсақал халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін көру үшін жаяу жолға шықты

10.07.2017

Алматылық ақсақал халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне жаяу жолға шықты. Күре жолдың бойында жолыққан көліктерге мініп, екі-үш күнде елордаға жетпекші. 74 жастағы қария еліміздің күштік құрылымдарында ұзақ жылдар қызмет еткен. Әлі де спортпен айналысып, айналасындағы жастарға үлгі болып отыр.

Қазір «Динамо» спорттық қоғамының мүшесі. Сондықтан, спорттағы серіктері ардагерді сән-салтанатпен шығарып салды.

Ақсақал бұған дейін, ел егемендігінің 25 жылдығына тарту ретінде Алматыдан Астанаға велосипедпен барғаны бар. Ол кезде 9 тәулік бойы жол жүріпті.      

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу