Солтүстік Қазақстан облысынан келген қонақтар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалады. 1500 адамнан тұратын делегацияны облыс әкімі Құмар Ақсақалов бастап келген. Олар көрмедегі павильондарды аралап, әр елдің «жасыл» экономика бағытындағы ғылыми жетістіктерімен танысты.