«ЭКСПО» көрмесінде Кариб елдері қауымдастығының ұлттық күні өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесінде Кариб елдері қауымдастығының ұлттық күні өтті

14.07.2017

Кариб қауымдастығына жалпы 15 ел кіреді. Халықтың жиынтық саны - 14 миллион. Сол 15 елдің 12-сі елордамызда өтіп жатқан көрмеге қатысуда.

Соңғы 17 жылдан бері қауымдастық осындай ауқымды іс-шараларға бірлесіп қатысып жүр. Атлант мұхитының арғы бетінде, қос құрлықтың аралығында, Кариб теңізін жағалай орналасқан елдер сұлу табиғатымен ерекшеленеді.

Бірақ, шағын аралдардың көптігі және төмен орналасқан жағалау табиғи қауіп-қатерлерге жиі ұшырайды. Ешқандай қазба байлықтары жоқ және энергия көздеріне өте зәру. Сол себепті, «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы көрмеге Кариб қауымдастығы елдерінің қызығушылығы аса жоғары. Тіпті, алдағы уақытта да Қазақстанмен әріптестік байланысты нығайтуға және инвестор ретінде келемін деушілерді қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу