«ЭКСПО-2017» көрмесі халықаралық компанияларға жаңа технологиясын таныстыратын таптырмас алаң. Бұл франциялық журналист Антонио Бускардинидің пікірі. Антонио «Brussels express» онлайн порталының және Францияның «ТВ5 Monde» телеарнасының тілшісі. Ол елордада бір аптадай болып, Ұлттық мұражайды, тұңғыш Президент кітапханасын, қаланың көрікті жерлерін аралапты.
«ЭКСПО» қалашықта да біраз түсірілімдер жасаған. Журналист Астананың әсемдігін, халықаралық көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны жөнінде көлемді мақала жариялады. Астана, «ЭКСПО» жайлы арнайы репортажы жақында Францияның «ТВ5 Monde» телеарнасынан көрсетіледі.
Нұрсұлу ҚАСЫМ