Бұл туралы бүгін баспасөз жиынын өткізген Жапония павильонының комиссары Томиясу Накамура мәлімдеді. Жапонияның ұлттық салт-дәстүрі, музыка және ұлттық аспаптағы әуендер шырқалады. Күншығыс еліне танымал өнер қайраткерлері осы ұлттық күні «ЭКСПО» қонақтарымен бірге болады.
Бұдан басқа, өз павильондарында келесі «ЭКСПО»-ны өткізуге үміткер ретінде кандидатурасы ұсынылып отырған Осака қаласының тарихы мен ерекшеліктері туралы таныстырылым өтеді.
Астанадағы көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» деп аталғандықтан, жапондықтардың қызығушылығы аса жоғары. Күн, жел, су энергиясын алу бойынша тәжірибелері жоғары. Сондықтан да, жапондықтардық көрмеде ұсынар қызықтары көп.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ