Қазақстандық оқушы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған өзінің соңғы туындылары жайлы баяндады. 15 жастағы тараздық бала жас талант ретінде қоғамға танылған. Тіпті, оған әйгілі Стивен Хокингпен кездесуге мүмкіндік бұйырған. Исаактың 8 айлық кезінде сал ауруына шалдыққандығы белгілі болған. Содан бері ол өмірдің қиындылығымен күресіп келеді. Қазіргі таңда Исаак ғылымға, оның ішінде ғарышқа құмартып, осы бағытта тың жобалармен айналысуға ниетті.
Азамат НҰҒЫМАНОВ