«Жасыл» энергия, «жасыл» экономика, «жасыл» әлем. Бүгін «ЭКСПО» қалашықта жаһан жұртын алаңдатқан көмірқышқыл газының таралуына тосқауыл қою тақырыбы талқыға түсті. Энергетика - елдің экономикалық әлеуетін анықтайтын елеулі сала. Содан болар, биік мұржалардан будақтаған түтінге қарап, сол елдің әлеуетін байқайтын тәрізді едік. Бірақ, қазір бәрі керісінше. «Жел, Күн, су энергиясы - міне болашақ деген осы»,- дейді қатысушылар. «Жасыл экономика, жасыл энергия» ұранымен өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі жаңа энергетика дәуірінің бастауы болмақ.
Ғабит БӨКЕНБАЙ