«Ақкөл» балалар үйінің тәрбиеленушілері «Дю Солей» циркіне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақкөл» балалар үйінің тәрбиеленушілері «Дю Солей» циркіне барды

03.08.2017

Балғындар үшін таңғажайып мереке. Астанадағы «Ақкөл» балалар үйінің тәрбиеленушілері «Дю Солей» циркіне барды. Олар «ЭКСПО» көрмесі аясында «Рефлект» шоу-қойылымын тамашалады. Балақайларға мұндай мүмкіндікті сыйлаған – еліміздің Спорт және мәдениет министрлігі мен «Нұр Отан» партиясы. Бүлдіршіндерді қолдап, олармен бірге спорт чемпиондары да циркті тамашалауға келді. Кішкентай көрермендер акробаттармен бірге «болашақ Қазақстанға» саяхаттап, керемет әсер алды.

Айта кетейік, әлемге әйгілі «Дю Солей» циркі арнайы шоуын қазақстандықтарға көрме аяқталғанша ұсынбақ. Қойылым күн сайын жүріп жатыр. 1984 жылы құрылған цирк жануарларсыз өнер көрсетеді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу