Бұл туралы бүгін облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Бибігүл Аққожина хабарлады. Айтуынша, өңірдің мәдени күндері ертең бастау алады. Әртүрлі алаңдарда 300-ден астам өнерпаз елордалық тұрғындар мен шетелдік қонақтарға өңірдің тарихын, мәдениетін танытып, ұлттық ойындарды паш етеді. Әсіресе, этноауылдағы суретшілер, мүсіншілер және қолөнер шеберлерінің туындылары көптің таңдайын қақтырмақ.
Бұдан бөлек, 5-6 тамыз күндері аймақтың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жерге 650 тоннаның 100-ден астам өнім түрі әкелінбек. Жеміс-жидектен бастап ет-сүттің бәрі бар. Сондай-ақ, елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қостанайлықтар бас қоспақ.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ