«Ақылды қалалар» жобасы қандай болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақылды қалалар» жобасы қандай болады?

08.08.2017

Баламалы энергия көздерін дамыту – заман талабы. Енді бірнеше жылдан кейін әлемнің бірқатар елдері «ақылды қалалар» сала бастайды. Жаңа шаһарлардың жобасы қандай болмақ? Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қалалардағы энергия тиімділігі» атты халықаралық конференцияда айтылды. Дүниежүзіне белгілі сарапшылар пен энергия саласының мамандары бұл бағытта атқарылуы тиіс жұмыстар жайында өз ой пікірілерін ортаға салды. Олардың айтуынша, «ақылды қалалардың» энергожобаларын осы бастан-ақ жоспарлау қажет. Әрбір ел жаңа технологияларға қолдау көрсетіп, жас ғалымдардың жаңашыл идеяларына құлақ асу тиіс.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу