«EXPO - 2017 Astana» көрмесіне қатысу біз үшін - үлкен мәртебе. Біздің павильонымыз 550 ш.м. құрайды және үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлікте біз еліміздің табиғаты жөнінде айтамыз. Ол тікелей теңізбен байланысты.
Екінші бөлікті негізгі идеямыз деуге болады. Ал үшінші бөлікте одан да терең мәселелерді қарастырамыз. Ол – Голландия мен Нидерландыдағы жаңа технологиялар.
Онымен қатар павильонда Қазақстанның және біздің елдің студенттерімен бірлескен жобалары қойылған. Ол мәдениет, технолгия, шаруашылық туралы жобалар.
Бізде технологияның түр-түрі бар. Атап кетсем, 2017 жылы жобасы аяқталған желден энергия алатын парк. 1 жылдың ішінде 600 кВт дейін энергия жинай алады. Сонымен қатар 780 үйді энергиямен қамтамасыз ете алады.
2020 жылға қарай 6000 кВт энергия жинай алатын жел энергиясы паркін жасауды ойластырып отырмыз.
Ұлттық күнге дайындалғандықтан көп павильонды көрген жоқпын. Алайда Қазақстанның павильонын қарадым. Қазақ халқының мәдениеті, қонақжайлығы қатты ұнады», - дейді Нидерланд павильонының директоры Эвелин Бяйл.