Қызығы мол «ЭКСПО»-ны көруге әркім асық. Себебі, ел мерейін үстем еткен шараның танымдық пайдасы мол. «Мың рет естігенше, бір рет көруді» мақсат еткен қызылордалық оқушылар бір күн «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін аралады. Түгел көруге мүмкіндік болмаса да, ең қызықты павильондарды тамашалап, ерекше әсер алды. Мәселен, Түрікменстан павильонын көріп, елдің тарихы, төл мәдениеті мен өнері, салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігімен кеңірек танысты. Өз кезегінде, ұстаздары павильонның ең маңызды инновациялық жобалары туралы жан-жақты, қызықты деректерді баяндап берді. «ЭКСПО»-ны көру – біз үшін үлкен бақыт, мұндағы сәттерді ешқашан ұмытпаймыз деген балғындар «жаңа оқу жылын ерекше серпінмен бастайтын болдық», деп мәз.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ