Шараның ашылу салтанатына Қазақстан және Беларусь Премьер-министрлері қатысты. Кейін қос елдің үкімет басшылары Белорусь және «Нұр Әлем» павильондарын аралады. Жалпы, ұлттық күн мерекесі елдің мәдениетімен таныстыратын концертпен басталып, Белорусь мемлекеттік академиялық хореографиялық ансамблі өнер көрсетті. «ЭКСПО» көрмесіне осыдан бірнеше күн бұрын Беларусь вице-премьері ресми сапармен келген еді.
Айта кетейік, Беларусь павильонында заманауи сурет өнері стиліндегі әлемнің 25 мемлекеті суретшілерінің туындылары қойылған. Ол картиналардың көрмеге ұсынылуының басты мақсаты – әлем елдері энергиясының бірігуі дегенді білдіреді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ