«ЭКСПО» көрмесі басталғалы Африка плазасы, Мысыр, Түркия, Әзірбайжан, Тайланд павильондарына халық көп барған. Мұны бүгін баспасөз конференциясында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының департамент директорлары мәлімдеді.
Сондай-ақ, «ЭКСПО»-да 2 ай ішінде 160-қа жуық тақырыптық іс-шара ұйымдастырылған. Осы мерзімде тамақтану орындарында 560 мыңға жуық келушіге қызмет көрсетіліп, байланыс орталықтарына 45 мың адам хабарласқан. Ақпарат дүңгіршектерінің көмегіне жүгінгендер саны - 17 мың, медициналық жәрдем алғандар 5 мыңнан асады. Екі айдан бері тауар айналымының сомасы 905 миллион теңгеге жеткен.