Елордада Маңғыстау облысының мәдениет күндері өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Маңғыстау облысының мәдениет күндері өтіп жатыр

16.08.2017

«Қарт Каспийден сәлем ал, ерке Есіл!». Осындай атаумен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясындағы Маңғыстау облысы мәдениет күндерінің гала-концерті өтті. Өңірлік өнер ұжымдарының 350-ден астам өнерпазы қатысқан бұл шарада Маңғыстаудың өзіне тән бірегей болмысы ашылды. Айгүл Қосанова, Тамара Асар, Кәмшат Жолдыбаева, Лұқпан Жолдасов сынды танымал эстрада жұлдыздары «ЭКСПО» амфитеатрын әнге бөледі. Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар және симфониялық оркестрі де көптің көңілінен шықты. Жалпы, өңірдің мәдениет күндері 18-тамызға дейін жалғасады, оның аясында 49 мәдени шара өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Маңғыстаудың мəдениет күндерін өткізуге  облыс бюджетінен шамамен 220 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Хабарламаларға жазылу