«ЭКСПО» аясында 11 күн бойы Солтүстік Қазақстан облысының мазмұнды мәдениет күндері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» аясында 11 күн бойы Солтүстік Қазақстан облысының мазмұнды мәдениет күндері өтеді

21.08.2017

Шара аясында елорданың үлкен 8 алаңында 400-ге жуық өнерпаз қала тұрғындары мен шетелдік қонақтарға өз тартуын жасайды. Этноауылда солтүстік өңірдің сәндік-қолданбалы өнерінің таңдаулы туындылары көптің назарына ұсынылмақ. Ал, сегіз қанатты киіз үйде 700-ден астам жәдігер қойылған тарихи мұражай ұйымдастырылады. Сондай-ақ, өзге өңірлердің ішінен алғашқы болып аталған аймақ өздерінің қасиетті жерлері туралы мағлұмат беріп, бұрын-соңды еш жерде көрсетілмеген латын тіліндегі бірегей құнды құжаттарды жарыққа шығарады. Көпке ұсынылатын өте сирек кездесетін құжаттардың бірі – Мағжан Жұмабаевтың қолжазбалары. Спорт жанкүйерлері болса, түрлі ұлттық ойындардың куәсі болады. Әлбетте, соңғы күн – Қызылжар елінің гала-концертімен ел есінде қалмақ ниетте.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу