Бұл - тиянақты әрі жіті жұмыстың нәтижесі. Бұл пікірді Мемлекет басшысы Бурабайда журналистерге берген сұхбатында айтты. Халықаралық көрме аяқталуға жақын. Дегенмен, ондағы адам легі азайған жоқ. Қазақ жерінде тоғысқан дүниежүзінің ең соңғы кереметтерін әркім көруге асық. Көрме әсіресе, Астана үшін тиімді болды. Қонақ үйлер меймандардан арылар емес. Мыңдаған келушінің арқасында елорданың бизнесі көтерілді. Қала бюджеті бірнеше есеге артқан.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ