Қазақстанда стартап жобалардың саны биыл 2 мыңға жетсе, оның 20 пайызы италиялық компаниялардың еншісінде. Бүгін ЭКСПО алаңында Италияның Венето аймағы өзінің бағдарламасын таныстырды. Бұл өңірде əлемге əйгілі Венеция қаласы бар. 5 млн. тұрғын мекен еткен Венетоға жылына 60 млн. турист келеді екен. Венето аймақтық кеңесінің президенті Роберто Чамбетти «ЭКСПО»-ға өз жаңалықтарын ала келгендерін айтты. Əсіресе, баламалы энергияны тұтынуда Италияның тәжірибесі мол.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ