«ЭКСПО» аясында Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақ нығаймақ. Оған көрме аумағында 7-қыркүйекте поляк Президенті Анджей Дуданың қатысуымен өтетін Польша ұлттық күні мен екі елдің бизнес-форумы ықпал етеді. Польша арадағы экономикалық байланысты арттырып, Қазақстан нарығына поляк инвестициялары, тауарлары мен қызметтерді кеңейту үшін, «ЭКСПО»-ға белсенді ат салысып жатқан елдердің бірі. Поляк бақуаттыларының Қазақстанға қызығушылығы зор. Оған – 240 поляк өкілінің бизнес форумға қатысатындығын әлден растағаны дәлел. Оның 140-тан астамы алпауыт компаниялар.
Айта кетейік, биылғы жылдың басынан екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 315 млн. доллар болса, оның басым бөлігі – экспорт. Яғни, 172 млн-ға жуық доллардың қазақстандық өнімі Польша нарығына жөнелтілген.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ