«ЭКСПО-2017»: Украинаның ұлттық күні тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017»: Украинаның ұлттық күні тойланды

24.08.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесінде Украина Республикасының ұлттық күні тойланды. Жалпы, бұл мемлекет көрмеге заманауи энергетика бойынша ақпараттық іздеу жүйесін алып келді. Яғни, қалаған мәліметіңізді сол жерден таба аласыз. «Қазіргі таңда бірнеше қазақстандық компаниямен келісімге отырдық», - дейді ұйымдастырушылар. Ал, жел энергетикасы жобасы бүгінгі таңда елімізде жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, Күн энергиясы концентраторы көптің қызығушылығын тудырды. Себебі, ол бір күнде 2 тоннаға дейін су жылыта алады.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу