Австрияның үздік дизайнерлері Астанада. «ЭКСПО» көрмесі аясында австриялық 8 дизайнер киім және әшекей бұйымдардың көрмесін өткізбек. Сондай-ақ, олар алдағы екі күнде қазақстандық сәнгерлермен кездесіп, ортақ киім топтамаларын шығаруды да қарастырмақ.
Айта кетейік, Австрия бүгінде сән орталығына айналған мемлекеттердің бірі. Бұл елде сән мен өнер фестивальдерінен бастап, Вена сән апталығы да ұйымдастырылады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ