«ЭКСПО» – жаңа мүмкіндіктер мен бастамалар алаңы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» – жаңа мүмкіндіктер мен бастамалар алаңы

30.08.2017

Көрме аясында «Астана су арнасы» мекемесі мен малайзиялық «Ронсер Биотэк Берхад» компаниясының басшылары меморандумға қол қойды. Бекітілген құжат бойынша кәріз суды тазалау жөнінде пилоттық жоба іске асырылмақ. Атап айтқанда, қазақстандық мекеме жаңбыр, қар және кәріз суын жапон технологиясы бойынша тазартпақ. Үрдіс гелий шарлары арқылы жүзеге асырылады. Сол технологиялар мен құрылғыларды малайзиялық компания жақын арада жеткізеді. «Жаңа жоба алдағы 3-4 айда басталады», - дейді мекеме басшылығы.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу