Астана аспаны батпырауықтарға көмкерілді. «ЭКСПО» көрмесі аясында малайзиялықтар балаларға арнайы мереке ұйымдастырды. Шара еліміздің Конституция күні мен Малайзияның Тәуелсіздік күні мейрамдарына орайластырылды. Көңілді кешке 200-ден астам елорда оқушысы қатысты. Кішкентай қонақтар батпырауықтарды көкке көтеріп қана қоймай, ашық аспан астында демалыс ұйымдастырды.
Мәдени шарада қос елдің өнері, мәдениеті таныстырылды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ