«ЭКСПО» қалашығында ұлттық күн мерекесін тойлау дәстүрі жалғасып жатыр. Бұл жолы көрме меймандары Гватемаланың ән-биі және мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды. Шарада Орталық Америка мемлекетінің танымал музыканттары өнер көрсетті.
Шара соңында әр мейманға естелік кәдесыйлар тарту етілді. Ал, Латын Америкасы плазасына дейін жалғасқан түрлі-түсті шеру кештің көркін қыздыра түсті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ