Бұл бағытта негізгі салмақ жоғары оқу орындарының ғалымдарына түсіп отыр. Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында аймақтардан келген ғалымдар өз жұмыстары жөнінде мәлімдеме жасады. «ЭКСПО» көрмесі аясында еліміздің бірқатар университетінің басшылары шетелдік компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге келіскен. Мысалы, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары Қытайдың бірнеше аймағында болып, баламалы энергия өндіру бойынша келіссөздер жүргізген. Оның ішінде биогаз өндіру және мұнайдағы ілеспе газдан электр қуатын алу бойынша нақты жобалары бар.
Аристотель Исағұлов, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры:
- Мұнай өндіргенде одан газдың да қоса шығатыны бәрімізге мәлім. Мысалы, бір тонна мұнайда 50 текше метр газ бар. Егер сол газды пайдаланып электр қуатын өндірер болса, кәсіпорынға қажетті энергияның 30 пайызын жабуға болушы еді. Қазір біз шетелдік әріптестерімізбен осы жобаны жүзеге асыру мақсатында алғашқы жұмысты бастап кеттік.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ