Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Нұр Әлемді» аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Нұр Әлемді» аралады

11.11.2017
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Нұр Әлемді» аралады

Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы туристік аймақ өз жұмысын бастады. Атап айтқанда, «Нұр Әлем», Арт-орталық, Үздік тәжірибелер аймағы және Тақырыптық павильон сынды ЭКСПО-ның төрт нысаны туристік орын ретінде қайта ашылды.  

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас ғимараты болған «Нұр Әлем» сферасын аралады.

Қайта ашылу құрметіне орай Астана тұрғындары мен қала қонақтары 11-12 қараша күндері ЭКСПО-2017 көрмесінен қалған туристік нысандарды тегін аралай алады.      

Айта кетейік, «Нұр әлем» ғимараты мен тақырыптық павильондар энергия музейі ретінде жұмыстарын жалғастырады. Ал «EXPO 2017» аумағындағы өзге ғимараттар «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Халықаралық «Жасыл» технологияларды даму орталығына және Халықаралық IT-стартаптар технопаркіне беріледі.

Хабарламаларға жазылу