Тағдыр тауқыметімен жер аударылып, танымайтын елге келген түрлі ұлт пен ұлысты қазақ халқы жатсынбай бауырына басып барынша қамқорлық көрсетті. Қолында барымен бөлісіп аяққа нық тұрып кетуіне жағдай жасады. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін олардың біразы тарихи отандарына қоныс аударғанымен, көбі жерсіне алмай Қазақстанға қайтып оралды. Солардың бірі Теріскейдегі Шварцтар отбасы.
Шварцтар әулеті 2003 жылы өзге неміс ағайындарының дүрмегіне ілесіп Германияға қоныс аударған. «Жаңа ортаға үйренуіміз қиынға соқты. Есілдертіміз Қазақстанға қарай ауды да тұрды» - дейді отанасы Раиса Николаевна.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ