Биыл елорда төрінде өткен халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне шығысқазақстандық қолөнершілер белсене атсалысты. Осы арқылы олар ұлттық бірегейлік пен өнерді насихаттап, шетелдік және қазақстандық қонақтардың үлкен қызығушылықтарын тудырды. Мәселен, Астанада өткен әлемдік деңгейдегі шараға қатысқан облыстағы 20 шебердің 15-і семейлік. Мереке алдында ұйымдастырылған басқосуда олардың барлығы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, шеберлерге Қазақстан қолөнершілер одағының сертификаттары табысталды.
Сейілбек Асхан, қолөнер шебері:
- Қазақтың салт-дәстүрін, өнерін рухани жаңғырту – біздің мақсатымыз. Бүгін қуаныштымыз. Сондағы қатысқанымыз үшін марапаттауларға иеміз.
Дарын САҒИТОВ