Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ұлт руханиятын жаңа деңгейге көтереді. Дамудың тың жолын сілтейді. Бүгін елордадағы Еуразия Ұлттық университеті ұжымы алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай деді.
«Мақалада межеленген міндеттерді атқаруда әсіресе, жастарға үміт зор», деген ол студенттерге еңбекке ұлттық идеяны қалыптастырудың кілті ретінде қарауға кеңес берді. Әрі зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар қауымын оны барынша дәріптеп, қоғамның талқысына салуға шақырды.
Айдана ҮСЕНБАЙ