Мемлекет басшысының мақаласын қостанайлық зиялы қауым өкілдері, ел ағалары да кеңінен талқылады. Басқосуға қатысқандар жарияланған материалдың әр бөліміне кеңірек тоқталып, рухани жаңғырудың негізгі тетіктерін баяндады.
Мақалада айтылған «Туған жер» бағдарламасы - ауыл-аймақтың ажарын ашатын, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие сіңіретін игі бастама. Оны жүзеге асыру - көптің мүддесі. «Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу де - уақытында көтеріліп отырған мәселе», дейді зиялы қауым өкілдері.
Дәуренбек ӘБДІБЕК