Рухани жаңғырту - еліміздің толыққанды кемелденуінің басты кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғырту - еліміздің толыққанды кемелденуінің басты кепілі

20.04.2017

Елдегі саяси жүйені одан ары дамыту, азаматтық қоғам мен конституциялық реформадағы өзгерістердің тиімді тұстары. Бүгін Астанада Тұңғыш Президент –  Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған басқосуда іргелі мәселелер қаралды. Жиынға саясаттанушы, әлеуметтанушылар мен жетекші сараптамалық және академиялық орталықтың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында, мемлекеттік басқарудың тетіктері мен қоғамдық бірлікті нығайтуға байланысты әртүрлі пікір айтылды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар «Елбасы басымдық берген ұлттық сана, рухани жаңғыру – еліміздің толыққанды кемелденуінің басты кепілі»,- деп ой түйді.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу