Тарихи ескерткіштердің электронды картасы жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихи ескерткіштердің электронды картасы жасалады

04.05.2017

Батыс Қазақстанда бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру бойынша облыстық комиссия құрылды. Енді өңірде рухани жаңару бағытында ауқымды жұмыс басталмақ. Алдымен, тарихи-мәдени ескерткіштердің электронды картасы жасалады. Оған өлкедегі көне кесене, киелі орындар, құлпытастар қорымы енеді. Кейін бұл нысандарды Елбасы мақаласында айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасына енгізу ұсынылады. Ал, «100 жаңа есім» жобасына халықты көбірек қамту үшін облыстық Ассамблея 74 бастамашыл топты құрғалы отыр. Жалпы, қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ауқымды іс-шараларға ғалымдар, өлкетанушылар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары, еріктілер атсалысады. Бүгінде 80-нен астам іс-шараның кестесі жасалған. «Туған жер» бағдарламасы бойынша қолға алынған облыстық тұжырымдама 3 бағытты қамтиды. 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу