Алматы облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы мақсат-міндеттер пысықталды. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру үшін өңірлік комиссия құрылып, олар алты бағытта жұмыс істейтін болады. Кешенді жоспарға сәйкес «Жетісудың жеті кереметі» тарихи-мәдени, өлкетану экспедициясы, «Ұлттық код және латын әліпбиі» атты халықаралық конференция ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, «Менің Жетісуым» атты кәсіпкерлер форумы, «Жетісудың әдебиет айдыны» атты ақын-жазушылармен кездесулер өтеді деп күтілуде.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ