Ұлт ретінде жоғалмау үшін ұлттық код сақталуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлт ретінде жоғалмау үшін ұлттық код сақталуы керек

13.06.2017

Түрлі мәдениет пен тіл, салт-сана сапырылысып жатқан қазіргі заманда қазақ халқы үшін бұл қағидаттың маңызы зор. Бүгін Қостанай жұртшылығымен болған кездесуде елімізге танымал жазушылар Серік Асылбеков пен Асқар Алтай осындай ой айтты. Басқосуда қос қаламгер Тобыл өңірі тұрғындарына Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жайлы әңгімеледі. Әлемде 6 мыңнан аса ұлттар мен ұлыстар болса, шекарасын шегендеген мемлекеттер саны 193 қана. Қазақ халқына осындай мемлекет құраушы ұлттардың қатарында болу бақыты бұйырған. Әйтсе де, Тәуелсіздігімізді баянды етіп, мәңгілік ел мұратына жету үшін бәсекелестікке қабілетті болу шарт. Бұл да  -Елбасы мақаласында белгіленген межелердің бірі. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу