Президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын Еуропа сарапшылары да қызу талқылап жатыр. Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкиннің пікірінше, тәрбие бастауын тал бесіктен алатын қазақ халқы озық мемлекеттердің қатарына ерекше ұлттық болмысымен енеді. Ата-баба мұрасын қастерлеп, ұлттық бірегейлікті сақтауға үндеген Президент мақаласының астарында терең мағына, парасатты пікір жатыр, - дейді Еуродепутат.
Нұрсұлу ҚАСЫМ